Байқоңыр қалалық сотында Елбасының Жолдауы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Қазақстан халқына  Жолдауы  талқыланды.

Сот төрағасы М.Тұрғанбаев Жолдаудың мемлекетіміздің өміріндегі жаңа асулы кезеңді айқындайтын стратегиялық бағдарламалық құжат болып табылатынын,  мемлекет басшының қойған тапсырмаларын ой талқысына салып, жүзеге асыруда басшылыққа алуды мақсат ету керек екенін атап өтті.

Елбасы Жолдауында экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келетіндігін, біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік екендігін жеткізді.

Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырғандығын, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет екенін көрсетті.

Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуде және жұмысты жалғастыру керектігін айтты.

Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөнінде, әкімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деңгейіне сәйкес болуға тиіс екенін жеткізді.

Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту қажет екенін сөз қылды.

Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою маңызды екендігін айтып өтті.

Шара барысында сот төрағасы және судьялар, сот қызметкерлері Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттерді кеңінен талқылады.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі