Байқоңыр қалалық сотында 4 азаматтық іс партисипативтік рәсім негізінде тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотына талапкер Қ. жауапкерлер Б., К.,Н., Ш-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызымен жүгінген болатын.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардан өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түсті.

Дауды тараптар мүддесі үшін адвокаттардың партисипативтік келісім арқылы шешуі заңға қайшы еместігін, сонымен қатар, тараптар арасындағы бітімгершілік өзге тұлғалардың мүддесіне нұқсан келтірмейтіндігін ескере отырып, сот дауды партисипативтік рәсіммен шешу туралы келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша талапкер Қ. өзінің талабынан бас тартады, ал жауапкерлер Б., К., Н., Ш. қарыз ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға міндетіне алып, шарт жасады.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 548-бабы 1-бөлігі 1-2-тармағына сәйкес, азаматтық істердің тараптардың партисипативтік келісімге келуімен шешілуіне байланысты талап қоюшының сотқа жүгінген кезінде төлеген баж салығы бюджеттен толығымен өзіне қайтарылды. 

Партисипативтік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі