Балық аулау қағидасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С. 2017 жылдың 14 наурызы күні, сағат 19:00 шамасында, Кіші Арал теңізінің №13 учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 27 ақпан 2015 жылғы №18-04/148 санды бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидасын бұзып, полиамидтік моно талшықтан жасалған қытай ауларымен 3 кг көксерке балықтарын аулап, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 45380 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына жануарлар дүниесіне келтірілген залал 2 942 теңге өндірілді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі