Баланың тұрғылықты мекен-жайы анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты талапкердің баланың тұрғылықты мекен-жайын белгілеу туралы азаматтық іс бойынша шешім шығарды.

Істің мән-жайына сәйкес, талапкер Е. талап арызында жауапкер Г-дан заңды некеден кәмелетке толмаған баласы  бар екенін, сот шешімімен  неке  бұзылғанын, кәмелетке толмаған баласы анасының тәрбиесінде  қалдырылғанын, алайда қазіргі таңда ол әкесімен бірге тұрып жатқанын, анасына барғысы келмейтінін көрсетіп, соттан кәмелетке толмаған баласының тұрғылықты мекен-жайын әкесімен бірге белгілеуді сұраған.

Сот шешімімен талапкер Е-нің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының баспасөз қызметі