Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «А» шаруа қожалығынан 8 424 700 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен келісілген шарттар бойынша реттеуге келісімге келген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Сот, азаматтық іс бойынша тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерлерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі