Ауыл тұрғындарына пилоттық жоба бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотының судьясы Е.Кұтыбаев және кәсіби емес медиатор Л.Дінкешова Ақтөбе ауылына барып, пилоттық  жоба  бойынша  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.

Судья пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар  пилоттық жоба аясында олар бойынша медиация жүргізу міндетті болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санаттарын, пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттарын, пилоттық жобаның қатысушылары кімдер болып табылатынын, Ереженің медиацияны жүргізу тәртібі көзделген 7-тармағының талаптарын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында атқарылатын іс-шараларды нақтылап, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге қатысты пікірлерін білдірді.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі