«Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шара барысында студенттер сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.

Сот судьясы Ш.Қожантаев студенттермен әңгімелесіп, сот процестерінде аудио-бейне жазбалардың қолданылуы және 2017 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне еңгізілген өзгерістерге түсіндірме беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сот қызметі туралы әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын әкімшілік істердің қаралуы тәртібі бойынша  сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толық және жан жақты жауаптар берілді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі