Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында сотталған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы К. есірткі затын өткізу мақсатында Әйтеке би кенті, М.Шоқай көшесіндегі тұрғын үйінде Б. есімді азаматқа 2 дана газет қиындысына оралған жалпы салмағы 1,17 гр. кептірілген марихуананы 2000 теңгеге заңсыз өткізген. Сондай-ақ, өз үйіндегі жатын бөлмесінде  жалпы салмағы 1037 гр. есірткі заты кептірілген марихуананы ірі мөлшерде  өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп,  сақтаған.

Басты сот талқылауында сотталушы К-ның айыбы, өзінің кінәсін толық мойындап берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 4-бөлігімен  кінәлі  деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті оның меншігіндегі заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаржыға сатып алынған мүлкін тәркілей отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын  қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді. Сотталушыдан  мемлекет пайдасына процестік шығын 117 095 теңге өндірілді. Заттай дәлелдеме есірткі заты кептірілген марихуана жойылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі