Арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған  аудандық  ішкі  істер  бөлімі Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына арыз беріп, онда  кәмелетке  толмаған А. туылғаннан  бері  әжесінің тәрбиесінде екенін, анасы  қайда  екені  белгісіз, әжесі  баланың  тәрбиесімен  айналыса  алмайтынын, бала  ешкімді  тыңдамайтынын, жиі ұрлық  жасайтынын, сот шешімімен казіргі  уақытта девиантты  мінез-құлықты  балаларға  арналған  интернатта тәрбиеленіп  жатқанын көрсетіп, соттан кәмелетке толмаған  А-ны  девиантты  мектеп интернатында болу мерзімін 1  жылға  ұзартуды   сұрады.

Сот шешімімен Жанақорган  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің арызы ішінара қанағаттандырылып, кәмелетке толмаған А-ның девиантты мектепте болу мерзімі 3 ай созылды.  

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі