Арал аудандық сотында жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жүргізген камералды бақылау қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер Т.Махановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 2-тармағымен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жеке кәсіпкер Т.Маханов 2016 жылы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, ол бойынша Қазалы аудандық білім бөлімін 140 090 276 теңгеге дизель отынымен қамтамасыз ету лотын жеңіп алған. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы бойынша жеке кәсіпкер аталмыш дизель отынына ілеспе жүк құжатын рәсімдемеген.

Сот талқылауы барысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы еш дәлелдемелерге сүйенбестен және заң талаптарын өрескел бұза отырып толтырғаны, көрсетілген мәселе бойынша нақты дәлелдеме құжаттары жоқ екендігі, дәлел құжаттары талап арыз беріліп болғаннан кейін жинақталғандығы, оның үстіне Қазалы аудандық білім бөлімінен алынған құжаттар ғана ұсынылғандығы, қосымша зерттеу жүргізілмегендігі анықталды. Ал жеке кәсіпкер Т.Маханов сот отырысында барлық ілеспе құжаттарының бар екендігі туралы дәлелдеме құжаттарын ұсынған.

Қазақстан Республикасының Салық және Кәсіпкерлік кодекстері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы камералдық бақылау барысында анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, кәсіпкердің кемшілікті дер кезінде дербес жоюына мүмкіндік беруі тиіс. Алайда Арал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бұл жайттардың барлығын ескермеген.

Соттың қаулысымен жеке кәсіпкер Т.Махановтың әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оған қатысты әкімшілік іс өндірісі тоқтатылып, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті атына жіберілген өрескел заң бұзушылыққа қатысты жекеше қаулы қабылданды. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотыныңбаспасөз қызметі