Арал аудандық соты брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Н.Бекетаев, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабымен, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруға байланысты қаралған әкімшілік істерге тоқталып өтті. 2017 жылдың бірінші тоқсанында аталған баппен 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 25 адамға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы, 5 адамға қатысты әкімшілік қамау жазасы қолданылғанын айтты.

Шара соңында судья ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған Е-нің әкімшілік ісі бойынша ақпарат беріп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі