Алаяқтық жасаған азаматша сот залынан қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірқатар бірдей қылмыстық әрекеттер жасаумен аса ірі мөлшерде алдап алып, жымқырып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша  З – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы З. жәбірленуші А–ға «Альянс банкінен» жеке шаруашылықтың атынан ірі мөлшерде 5 000 000 теңге несие алып беретінін айтып сендіріп, ол үшін 100 000 теңге берсең болды, мен өзім реттеймін деп алдап алған. Осыдан кейін сотталушы З. несиенің құжаттарының барлығын реттестіріп жатырмын деп тағы 100 000 теңге қажет екендігін айтып, жәбірленушінің құны 100 000 теңге тұратын комплект бриллиант сақина сырғасын алдап алған.

Сонымен қатар, сотталушы З. жәбірленуші А-ға Қызылорда қаласында несие беру уақытша тоқтап тұрғанын  айтып, тағыда 400 000 теңге керектігін айтып, құндыз тонын, алтын жүзігін алдап алған.

Содан соң, өзінің Алматы қаласында жүргенін, несие дайын болып қалғанын айтып тағыда 200 000 теңге қажет екендігін айтып, жеке куәлігінің шотына аудартқан. Сөйтіп, қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге жалпы 1 025 000 теңгеге мүліктік шығын келтірген.

Сот үкімі бойынша сотталушы З. Қазақстан Республикасының ҚК – нің 190–бабының 3–бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілей отырып, өмір бойына ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.        

Источник: 
Қызылорда қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі