Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында көлік құралымен жарық беру бағанына соққан азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұған байланысты полиция қызметкерімен ҚР Жол жүрісі қағидасының 10.1-бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610- бабының 1-бөлігімен дәрежеленген.

Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайларды растап, өз кінәсін мойындаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22690 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі