Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Ж. автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Toyota Corolla» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі