Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда облысы соттарының судьялары тағзым саябағына тал көшеттерін отырғызды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда облысы соттарының судьялары тағзым саябағына тал көшеттерін отырғызды.

Мұнан соң, судьялар Ұлы Отан соғысы қаһармандарының рухына тағзым етіп, алаңдағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Артур Наримов мереке құрметіне өткізіліп отырған көгалдандыру шарасының ары қарай жалғасын табатынын жеткізді. 

Дәл осы күні судьялар Ұлы Отан Соғысының ардагері Үсейн Ысқақовтың үйіне мерекесімен құттықтай барды.

Судьялар Үсейн ағамен елімізде болып жатқан экономикалық және саяси жаңалықтар туралы әңгімелесті.

Кездесуде ардагер Үсейн Ысқақов сот ұжымына көрсеткен құрметтері үшін алғысын айтып,  қызметтеріне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі