Жеке айыптау шағымы жаңа қабылданған қылмыстық заң бойынша қылмыс деп танылмағандықтан іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында жеке айыптаушы Ш-ның өзінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені жөніндегі айыпталушы Н-ға қатысты жеке айыптау шағымы жаңа қабылданған қылмыстық заң бойынша қылмыс деп танылмағандықтан іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды.

Сотқа жеке айыптаушы Ш. жеке айыпталушы Н-ның өзін себепсізден-себепсіз ұрып-соғып, балағаттап, басын жарып, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысына сай, денсаулығына қасақана «жеңіл» дәрежелі дене жарақатын салу фактісі бойынша жеке айыптау шағымы келіп түскен. Жеке  айыптаушы Ш-ға шағымын заң талаптарына сәйкестендіру жөнінде судьямен хабарламасы жолданып, жеке айыптаушы Ш. сотқа түзетілген шағымын ұсынған.

Алайда, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі №84-VI санды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 1 бөлігінің 6) тармағына сай, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізіліп, осы кодекстің 108 және 109-баптары алып тасталып, тиісінше осы заңның 1 бабының 4 бөлігінің 6) тармағына сай, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізіліп, ӘҚБтК-і денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып соғу мазмұнындағы 73-1, 73-2 баптарымен толықтырылған.

2017 жылғы 3 шілдедегі № 84-VI  Қазақстан Республикасының Заңы 14.07.2017 жылы қолданысқа енуіне байланысты жеке айыптаушы Ш-ның жеке айыпталушы Н-ны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөніндегі шағымы Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 409 бабының екінші бөлігінің талаптарына сай іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі