Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында азамат Т-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. Қызылорда қаласының №2 қалалық сотының 26.08.2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 101бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Өтінішті қарау барысында, азамат Т-ның бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеу мерзімінде қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермегені, сотпен өзіне жүктелген міндеттерді орындап, талап бойынша қажетті құжаттарды ұсынғаны, қоғамдық тәртіпті бұзбағаны, қылмыстық жауапкершілікке қайта тартылмағаны, жақсы мінезделетіні анықталған.

Аталған мән-жайларды ескере отырып, сот азамат Т-ның өтінішін қанағаттандырды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі