Жасаған қылмысы үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Сотталушы Е. барлық ақшасын компьютер клубына жұмсап, ақшасы таусылған соң ғимараттан шығып, ары қарай ойын ойнау үшін  қолындағы травматикалық тапаншасымен ақша табудың жолын іздейді. Сөйтіп, ұялы телефон арқылы «Делюкс» такси фирмасына тапсырыс беріп, операторға жүргізушіде 20 000 теңгеге қайтаратын ақша болуын айтады. Тапсырыс берген жерге такси келген соң, сотталушы артқы жолаушы орындығына отырып, өзінің сенімді жолаушы екенін көрсету мақсатында бірнеше жерге баратынын айтып, қаланы 3 сағат бойы айналып жүреді. Өзінің ойындағы қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жүргізушіге қараңғы жарықтан оқшауланған көшеге бұрылуын сұрап, көше соңында тоқтауын өтінеді. Аталған жерге келген соң, сотталушы такси жүргізушінің желке тұсынан тапаншамен екі мәрте оқ атып, оның өлгеніне көзін жеткізіп, оның киімінің қалтасынан 20 000 теңге ақшасын алып, мәйітін артқы орындыққа ауыстырып, өзі автокөлікті басқару орнына отырып, Тұрлығұлов көшесіне келген соң, бөтеннің мүлкін жою мақсатында, мәйіт жатқан көлікке от тұтандырғышпен өрт қойып, есік-терезелерін құлыптап, оқиға орнынан кетіп қалған.

10 шілде 2017 жылғы Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен (пайдакүнемдік ниетпен адамды өлтіру), 192-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (қаруды пайдалану арқылы жасалған қарақшылық), 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 15 жылға  бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі