Жаңақорған аудандық сотының төрағасы жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов аудандық «Нұр отан» ХДП-ның филиалында «Дауларды соттан тыс реттеу және татуластыру рәсімдерінің мүмкіндіктері туралы» тақырыбында ауданның жастары арасында кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Аталған іс-шараға «Нұр отан» ХДП-ы филиалының орынбасары М.Балхожаев және ауданның бірқатар жастары қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов өз сөзінде «Медиация - бұл борышкер мен жәбірленушінің ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен жүзеге асырылатын дауды реттеу тәсілі. Іс-шараның негізгі мақсаты  «Медиация туралы» Заңның талаптарын, мақсаты мен қолданылуын және заңның тиімді жүзеге асырылуы туралы кеңінен насихаттау» екенін атап өтті.

Шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, медиация заңы аясында пікірлерін білдірді.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі