Жаңақорған аудандық сотының төрағасы «Нұр Отан» партиясында азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

Шараға «Жаңақорған тынысы» газетінің өкілі А.Жарықбаев және аудандық «Нұр Отан» ХДП-ы филиалының орынбасары М.Балхожаев қатысты.

Қабылдауға аудан тұрғындары Д.Ниязбекова және С.Исметов  келіп, сот төрағасына өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Атап айтқанда, азаматша Д.Ниязбекова қайтыс болған қызының баласына қатысты мәселелері бойынша заң талаптарына түсіндірме сұраса, азамат С.Исметов өзінің туысы Шымкент қаласынан «өзім төлеймін» деп алдап, несие алдырып, кейін төлемегенін, қазіргі таңда ол тұлғаның несиені төлеуден бас тартып отырғанын айтып, сол себепті сотқа талап қою арызын беру мәселесіне қатысты сауалын қойды.

Сот төрағасы қабылдауда қойылған барлық сауалдарға толық жауап беріп, сот құзырына жатпайтын сұрақтар бойынша уәкілетті мекемелерге жүгіну керектігі  жөнінде түсіндірді.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі