Жаңақорған аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында аудандық соттың төрағасы Н.Қосанов, облыстық соттың сот приставы Б.Қошанов және аудандық сот судьялары, сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.                                               

Іс-шара барысында Қызылорда облыстық сотының сот приставы Б.Қошанов сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс барысында құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдары жайлы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылатынын, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға  болатындығы  жайында  атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы «Сыбайлас   жемқорлыққа   қарсы   іс-қимыл туралы»  Заңының жалпы ережелеріне тоқталды.                                                     

Сөз соңында облыстық соттың сот приставы Б.Қошанов семинарға қатысушылардың   сұрақтарына  жауап  беріп, сот қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі