Жаңақорған аудандық сотында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңын қолдану» тақырыбында семинар өтті.                                            

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы, кеңсе қызметкерлері, кәсіпқой емес  медиаторлар және  Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілдері  қатысты.    

Шара барысында аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарын, сонымен қатар жаңа ҚР АПК қолдануына байланысты, сонымен  бірге, ол медиация үрдісі еңбек, отбасылық және тараптардың  бірі мемлекеттік орган  болып  табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысумен болатын өзге құқықтық  қатынастарынан туындайтын дауларға қолданылмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, сотпен тараптарды татуласуға барлық іс-шараларды қабылдайтыны түсіндірілген, соның ішінде медиация әдісін қолдану туралы сот тараптардың құқығы, медиация туралы келісім құру және медиация салдары туралы айтылды. 

Семинарда талқыланған мәселелер бойынша басқа да сұрақтар қойылып, қатысушылар өзара пікір бөлісті.                                                                                

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі