Жаңақорған аудандық сотында медиация тәртібімен қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы Е-нің қылмыстық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Е. жәбірленуші Ш-ның ұялы телефонын жасырын жымқырып, нәтижесінде жәбірленушіге жалпы құны 67 000 теңге мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы Е. өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты, соттан қылмыстық жауапкершіліктен босатып істі қысқартуды сұрады.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес, медиатормен жасалған медиативтік келісімге сәйкес, тараптар медиация тәртібімен бітімге келді. Жәбірленушінің сотталушы Е-ге қояр талап-тілегі жоқ, келтірілген залал орнына келген. Қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш жазбаша медиациялық келісіммен бекітілген.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушы Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.  

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі