Жалған мемлекеттік белгі тағып, көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. Сырдария ауданына қарасты, Құмкөл кеніші «Май бұлақ» қара жолында автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі