Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында «Жеке айыптау істерін қозғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьясы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жеке айыптау істері бөлігінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын талқылады.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 408-бабына сәйкес жеке айыптау істері нақты тұлғаға қатысты жәбірленуші немесе оның өкілінің сотқа шағым беру арқылы қозғалады.

Соңында аталған тақырыпты белсенді талқылап, қатысушылар өз пікірлерін білдірді. 

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі