Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. «VAN» маркалы автокөлігімен М-32 «Самара-Шымкент» тас жолында «Ақтөбе-Арал» бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдап, яғни тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 34 035 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі