Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында құқық бұзушы Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. Сырдария өзенінің теңізге құяр сағасындағы балық аулауға тыйым салынған аймақта балық аулап, ҚР Орман және жануарлар дүниесі Комитетінің 24.07.2015 жылғы №190 бұйрығымен бекітілген «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу» туралы ережесін бұзған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына жануарлар дүниесіне келтірілген залал 9 999 теңге өндірілді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі