Тараптарды татуластырған қалалық соттың судьясы Садуақасова Кәмшат Әшімқызына ризашылығын білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Мәми Қайрат Әбдразақұлының поштасына «Корпорация» Ата Заң» ЖШС-нің президенті Айдос Жұмабайұлынан, Қызылорда қалалық сотының судьясы Садуақасова Кәмшат Әшімқызына ризашылығын білдірген алғыс хат түсті.

Хат иесі алғыс хатында «Жер дауы бойынша азаматтық істі қараған  Қызылорда қалалық сотының судьясы Кәмшат Садуақасова өз біліктілігінің арқасында, даудың алтын ортасын тауып, екі тарапты татуластырды. Даудың күрделігіне, тараптардың бір-біріне деген ызаларына қарамастан, судья оларды тыңдап, істі бітімгершілікпен шешуге зор үлесін қосты. Кәмшат Әшімқызы дауласқан тарапқа әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсеттіп, екі көрші арасындағы дауды, даусыз шеше білді», - деп халық қамын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде ойлайтын судьяға жүрекжарды алғысын жеткізді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі