Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушы Ж. бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлап алып кетіп, жәбірленушіге қаржылай зиян келтірген.

Аталған істі сотта қарау барысында жәбірленуші сотталушымен татуласқанын, келген зиянды толық қайтарғанын, бұл істі медиация тәртібімен реттегендерін, медитивтік шартын жасап, өздерінің келісімге келгендіктерін көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Осыған байланысты, Ж. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі