Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер А. талап арыз беріп, онда жауапкер Б. арасындағы заңды неке сот шешімімен бұзылғанын, ортақ кәмелетке толмаған Д. және Н. есімді балалары өзінің тәрбиесінде қалғанын, қазіргі уақытта  өзімен бірге тұрып жатырғанын, жауапкер екі баладан бас тартып, әкесінің тәрбиесіне болуға келісетінін айтты. Талапкер соттан кәмелетке толмаған балалардың  тұрғылықты мекен-жайын әкесімен бірге деп белгілеуді  сұраған.

Жауапкер Б. сот отырысында балалардың әкесінің тәрбиесінде болуға  толығымен келісетінін, талапты толық мойындайтынын және оны  қанағаттандыруды сұрайтынын көрсетті.

Сот іс құжаттарын зерттеп, тараптардың жауаптарын тыңдап, талапкер А-ның талап арызын қанағаттандырды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі