Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер А. талап арыз беріп, онда жауапкер Б-мен 2010-2015 жылдар аралығында заңды некеде тұрғанын, сот шешімімен неке бұзылғанын, анасының тәрбиесінде қалдырылған ортақ кәмелетке  толмаған  үш баласымен  араласуға  құқығы  бар екенін көрсетіп, соттан жауапкер Б-дан  кәмелетке  толмаған балаларымен  демалыс кездерінде  Ақтөбе  қаласына өз үйіне алып кету арқылы кездесу уақытын белгілеуді сұрады.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, оған кәмелетке толмаған балаларымен айына бір рет - әр айдың соңғы сенбі  күні  сағат 10:00- ден  бастап келесі күні сағат  17:00-ге дейін   Қызылорда  қаласында  кездесу уақыты белгіленді.

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі