Сырдария аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг  өтті.

Шараны өткізу барысында судья Ж.Жолдасов «Даулардың (жанжалдың) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру Ережесі» Жоғарғы Соттың Төрағасымен бекітілгені туралы және де жобаның басты мақсаты татуласу рәсімінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың қаражатын үнемдеу, тұрғындардың дауды (жанжалды) соттан тыс реттеуге мүдделілігін анықтау екенін халыққа түсіндіре келе, жобаның маңыздылығына тоқталып, медиация өткізу міндетті келесі даулар сатысы, олар  бала мүддесіне: тұрғылықты жерін анықтау, ата-анасымен араласу тәртібі туралы, кәмелетке толған балаға алимент өндіру туралы істер қамтылатындығын түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, неке бұзу және ортақ мүлікті бөлу, мұра туралы, қоныс аударту, жер телімінің шекарасын анықтау, займ шарттары бойынша, еңбек және кейбір сақтандыру даулар. Сонымен қатар, медиация еріктілік, жақтардың құқықтық теңділігі, татуласу рәсімін өткізетін медиатордың тәуелсіздігі және турашылдығы, құпиялылық, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестік принциптері негізінде өткізілетіне назар аударды.

Кездесуде «Медиация туралы» Заңды азаматтық және әкімшілік сот істерін жүргізуде қолдануға байланысты мәселелер түсіндірілді.  

Кездесудің соңында судья Ж.Жолдасов тұрғындардан пилоттық жоба бойынша түскен сұрақтарға жауаптар берді.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі