Судьялар отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау тәжірибесін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотының судьялары соттың құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын мәселелерді анықтау және біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәжірибесін талқылады.

Шара барысында аудандық сот судьясы Ә.Түбекбаева аталған санаттағы істерді қарау тәжірибесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жасалған  шолуда көтерілген мәселелерге тоқталды.

Судья өз сөзінде бұл санаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі жеке бастың құқықтары болып табылатынын, Ата Заңымызда мемлекетіміздің құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгіленгенін, неке және отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында екенін атап өтті.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы бар адамдар арасындағы қатынастар түсінілетінін ескере отырып, құқық бұзушылық субъектілерін дұрыс анықтау қажеттігін көрсетті.

Сондай-ақ жаза тағайындау барысында ӘҚБтК-де көзделген жаза шеңберінде, Кодекстің 50-бабында көрсетілген әкімшілік қамаққа алу қолданылуға болмайтын тұлғалар ерекшелігін ескеру қажеттігіне тоқталды.

Сот төрағасы М.Еркінбеков аталған санаттағы әкімшілік құқық бұзушылық турлы істерді қарау барысында Кодекстің 64-бабының талабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату барысында медиация рәсімін кеңінен қолдануға жататынын, жаза тағайындау барысында заң талаптарын бұлжытпай  орындап, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және сот актілерінде халықаралық шарттардың талаптарын қолдану қажеттігін атап өтті.

Шара барысында судьялар аталған тақырып бойынша сот тәжірибесінде туындайтын мәселелерді кеңінен талқылады.             

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі