Соттың шешімімен өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы Ж-ның жауапкер «Төретам кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен тұрғын үйге меншік құқығын тану жайлы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.                                  

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның  2007  жылдан бері Төретам кенті, Жаңақұрылыс көшесіндегі жер учаскесінде үй тұрғызып, отбасымен сол үйде тұрып жатқандығы анықталды. Және де барлық коммуналдық  төлемдері де уақытылы төленіп отырылғандығы анықталды.

Сот отырысында жер учаскесіне өз бетімен салған тұрғын үй құрылысының сақталуы басқа тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқпайтындығы және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндігі бекітілді.

Соттың шешімімен талап қоюшының жер учаскесіне өз бетімен салған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі