Сот қызметкерлері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық соты қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптары  бойынша семинар өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі Ә.Жақсылықов және сот қызметкерлері  қатысты.

Кеңсе менгерушісі Ә.Жақсылықов мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі  халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Семинар барысында жетекші маман Б.Алтынбай баяндама жасап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі Елбасы жарлығымен 29.12.2015 жылы бекітілгенін, мемлекеттік қызметте жоғары мәдениеттілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің этиканы сақтамау секілді жағдайлардың алдын-алуға бағытталғанына тоқталды.

Семинар сабағының барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хаты талқыланып, мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары туралы айтылды.

Шара қорытындысы бойынша сот мамандарына Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі