Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қызметкерлері арасында сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио- бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында бас маман-сот отырысының хатшысы Ә.Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы №6001-15-7-6/486 бұйрығымен бекітілген сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, сот отырысының аудио-бейнежазбасын сақтау және жою, қол жеткізу тәртібіне тоқталды.

Бас қосу соңында семинарға қатысушылар тақырып бойынша туындаған мәселерді талқылап, пікірлерін білдірді.

 

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі