«Сот кабинеті» арқылы әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында «Сот кабинеті» жүйесі бойынша әкімшілік істерді жолдау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шараға сот төрағасының міндетін атқарушы Л.Алибекова, Қармақшы аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полициялары Е.Әбдіқасов, Д.Хорамбаев, Р.Әбдірахманов, төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Н.Амандыков, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының инспекторы Н.Кетебаева, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова, қызметкерлері Ж.Алипбаева, Г.Медеуова және сот қызметкерлері С.Қожабаев, Р.Бисенова, Қ.Шазатов, Ж.Тоғызбаевтар қатысты.

Қармақшы аудандық сотының бас маманы Р.Бисенова «Сот кабинеті» – Қазақстан Республикасы сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе екенін, аталған жүйе арқылы әкімшілік хаттама жасақтауға уәкілетті органдардың әкімшілік істерді жолдауға мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Сонымен қатар бас маман Р.Бисенова жүйе арқылы әкімшілік істерді жолдау тәртібін рет-ретімен көрсете отырып, таныстырды.

Қармақшы аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полициясы Е.Хорамбаев өз сөзінде, әкімшілік істерді электронды жасақтап, жолдау жұмыстарын қолға алғандарын жеткізді.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, осындай іс-шараларды жиі өткізу жөнінде пікірлерін жеткізді. 

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі