Сот есірткі заттарды өткізгені және заңсыз сақтағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігімен, 296 бабының 3 бөлігімен айыпталған С-ның қылмыстық ісі қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, сотталушы С. өз үйінің ауласында азамат А-ға 10000 теңгеге заңсыз сақтаған 2 дана қағаз орамындағы салмақтары тиісінше 49,46 грамм есірткі заты болып табылатын кептірілген марихуананы заңсыз өткізген. Бұдан соң сотталушы С-ның тұрғын үйіне тінту жүргізу барысында, үйінің жатын  бөлмесінде тұрған тоңазытқыш ішінен пакетке салынған салмағы 597,58 грамм және сотталушы С-ны жеке тінту барысында қалтасынан салмағы 0,19 грамм болатын есірткі заты-кептірілген марихуана табылып, яғни ол өткізу мақсатынсыз өз үйінде жалпы салмағы 597,77 грамм болатын ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сақтаған.     

Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімімен азамат С. түпкілікті мүлкі тәркіленіп, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болып белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі