Сот бұйрығын қабылдау тәртібімен қаралған азаматтық істер санаты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 2017 жылдың бірінші тоқсанында 293 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 55 іс сот бұйрығын қабылдау тәртібімен аяқталған, яғни барлық қаралған істердің 18,7 % құрайды.

Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады.

Мәселен, өндіріп алушы А. борышкермен 2017 жылдың қаңтар айына дейін бірге тұрған. Некеден бір балалы болған. Бала өндіріп алушының қамқорында. Борышкер бүгінгі күнге дейін баласына қандай-да бір көмек көрсетпеген. Осыған байланысты өндіріп алушы А. борышкерден баласын асырап бағу үшін алимент өндіріп беруді сұраған.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің 138 бабына сәйкес, ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті болып табылады. Сот іс құжаттарын зерттеп, борышкерден кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағу үшін оның барлық айлық және өзге де табысының төрттен бірі мөлшерінде өндіріп алушының пайдасына алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Сонымен қатар, талдау барысында анықталғандай, сот бұйрықтарының басым бөлігі (23) сотпен кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу үшін алимент өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданса, 18 сот бұйрығы жариялы шарттардан туындайтын берешектерді өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданған, 11 сот бұйрықтары қызметкерлерге төленбеген еңбекақыларын өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданса, 3 сот бұйрықтары жеке тұлғалардан салықтар бойынша қарыздарын өндіру жөніндегі арыздар бойынша қабылданған.

Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Осылайша, 55 сот бұйрықтары заңды күшіне енген және бүгінгі күні атқару өндірісінде.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі