Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы С-ның қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы С. бір мекеменің жүргізушісі болып қызмет атқарып жүріп жәбірленуші А-ның баласын қамаудан босатып беруге мүмкіндігі барына сендіріп 11 000 АҚШ долларын қолма-қол алып бас пайдасына жаратып алаяқтық жасаған.

Жәбірленуші А. сот отырысы барысында өзіне келтірілген залалдың ішінара өтелгенін, қалған 200 000 теңге мүліктік шығынды өндіріп беруді сұраған.

Сот үкімі бойынша сотталушы С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚР ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігін қолданылып бас бостандығынан айыру жазасының барлық мерзімі шартты деп саналып, оған пробациялық бақылау орнатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.    

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі