Сот алаяқтыққа қатысты іс бойынша үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 соты алаяқтық жасаған сотталушы У-дың қылмыстық ісін қарады.

Сотпен анықталғаны, сотталушы У. жәбірленуші Б-мен таныса келе оған қалада жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алып беретіндігіне сендіріп, сеніміне кіріп, 1 500 000 теңгесін алдау жолымен алып, бас пайдасына жаратып, алаяқтық жасаған.

Сот, сотталушы У-ды ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танып, 3  жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңын 4-бабының 1-бөлігінің 4-бөлігінің 2,4-тармақтарына сай 3  жыл бас бостандығынан айыру жазасының 1 жыл 6 айы қысқартылып, түпкілікті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

ҚР ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігін қолданылып бас бостандығынан айыру жазасының барлық мерзімі шартты деп саналып, оған пробациялық бақылау орнатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі