Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда қалалық сотының атқару парағына сәйкес борышкер Н-дан талап қоюшы О-ның пайдасына 1 500 000 теңге және мемлекет баж 15 000 теңге өндірілу қажет, алайда құқық бұзушы Н. бүгінгі күнге дейін аталған сот актісін орындамаған. Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушы оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа негізінен қарауға жолдаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған салынатын 10 АЕК көлеміндегі 22690 теңге 30 пайызға қысқартылып, 15883 теңге айыппұл салынды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі