Сот 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат  К. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаю күйінде автокөлігін басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат К. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі