Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысуымен  «Сот жүйесінің БАҚ-мен бірлесіп жұмыс атқаруы» тақырыбында брифинг  өткізілді.

Брифингті аудандық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судьясы Ә.Түбекбаева өткізді.

Тілші БАҚ-ның мемлекеттік органдармен, соның ішінде сот жүйесімен өзара байланысының рөлі жайлы сұрақ қойды.

Бірінші кезекте, сот судьясы біздің қоғамның демократияландыру процесінде бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын, мемлекеттік билік органдары ашықтығын күшейту, сондай-ақ тілшінің сот процесстерін ашықтығын көрсету және сот ақпаратын алу  кезіндегі    құқықтары туралы  атап өтті.

Сот органдарының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерінде, ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы ең маңызды рөл бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі. Қарым-қатынас жүйесінде мағлұматты беруші ретінде мемлекеттік орган, ал мағлұматты алушы- қарапайым халық болған кезде бұқаралық ақпарат құралдары мағлұматты жеткізетін орган болып табылады.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі