Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» келген аудан тұрғындарын сот төрағасы М.Еркінбеков қабылдады.

Іс-шараға келген аудан тұрғыны Б.Алтынбекова қарыз ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Сот төрағасы қабылдауда болған Б.Алтынбековаға заң нормаларын  түсіндіріп, сауалдарына жауап  берді.

Келесі көкейкесті мәселесімен сот төрағасына  азамат Р.Тагаев жүгініп, өзінің 1994 жылғы шығарылымда маркасы «BMW-525» автокөлігі оның атында тіркелгендігі, алайда қазіргі уақытта осы автокөлікті жауапкер К. пайдаланып отырғанын, оның автокөлікті қайтару туралы өтінішіне қайтармайтындығы туралы  айтты.

Бұл жүгіну бойынша  азамат  Р.Тагаевқа мүлікті заңсыз иеліктен қайтару туралы   арызбен сотқа жүгіну керектігі түсіндірілді.

Ашық есік іс-шарасы айына бір рет өткізіледі. Кез келген азамат сотқа келіп, өзін мазалап жүрген сұрағына жауап ала алады.

«Ашық есік күні» -  соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының дәлелі.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі