Әрекетке қабілетсіз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы  аудандық сотында арыз беруші Г-ның қызы Ж-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің құжаттарына сәйкес, азаматша Г. қызы Ж-ның бала кезінен бері психиатриялық диспансерде есепте тұратындығын, психикалық ауруының салдарынан өз әрекетінің нақты сипаты мен маңызын түсінбейтіндігін, ол өзінің әрекетіне жауап бере алмайтындығын, сондықтан  оны  әрекетке қабілетсіз деп тануды, арызын қанағаттандыруды сұрады.

ҚР АК-нің 26-бабының 1-тармағына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп тануы мүмкiн, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. 

Сот шешімімен арыз беруші Г-ның арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі