Отбасы медиация тәртібімен сақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында ашық сот мәжілісінде талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-ға қойған неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта, талап қоюшы Н. жауапкер Д-мен 2008 жылы заңды некеге отырғанын, араларында екі баласы бар екенін, екеуінің мінездері жараспаған соң, сотқа талап арызбен жүгінгенін айтты.

Сот барысында тараптар медиатордың көмегіне жүгініп, келісім жасады. Онда жауапкер талап қоюшымен татуласып, отбасын сақтап қалуды шешті, ал талап қоюшы өз арызынан бас тартты.

Сот, ҚР АПК-нің 48 бабына сай, аталған медиация келісімі заңға қайшы келмегендіктен, және басқа біреулердің құқықтарымен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, оны бекіту жөн деген тұжырымға келген.

ҚР  АПК-нің 277 бабы 6 бөлігіне сай, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартылады.

Талап қоюшы Н-ның жауапкер Д-ға қойған неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қысқартылып, іс бойынша төленген мемлекеттік баж 681  теңге бюджеттен талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі