Облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев Қызылорда қаласының №2 сотының бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық соттың судьялары, Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьяларының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңеске облыстық соттың төрағасы Нұрышев Қамбар Жұмабайұлы төрағалық етіп, Қызылорда қаласының №2 сотының 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыс барысымен танысты.

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Айбек Әбу қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы туралы айтып өтті.

Бұдан соң облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев судьяларға сот істерін қарау кезіндегі олардың мерзімдерінің сақталуын, созбалаңға салынбауын бақылауда ұстауды тапсырды.

Жұмысты талапқа сай ұйымдастыру үшін облыстық сот тарапынан жасалып жатқан шаралар нақтыланып, істерді қарау сапасын көтеру мақсатында тапсырмалар берілді, ұсыныстар талқыланды.

Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы мен судьялары жедел кеңестің жұмыс барысына оңтайлы ықпалы болғандығын айтып, кемшіліктердің назарға алынатындығын білдірді.                        

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі