Мемлекеттік мекеменің бас инспекторы пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша Департаментіне жәбірленуші А. арызданған.

Жәбірленуші А. арызында 2016 жылдың қазан айында өзінің заңды некедегі жолдасы Қ-мен 2005 жылы сатып алған жер телімін заңдастыру үшін жұмыс бабымен танысқан танысы әкімшілікте жұмыс жасайтын Б-дан кеңес сұраған. Содан кейін жәбірленуші А. заңды некедегі жолдасы Қ-ның атынан Б-ның айтуымен өзінің аталған ғимаратқа қатысты меншік құқығын тану туралы қалалық сотқа талап арызын өткізген. Сотталушы Б. жәбірленуші А-ға жерге меншік құқығын заңдастырып беремін деп, 700 000 теңге пара беру қажеттігін айтқан.

Жәбірленуші А-ның арызы бойынша тергеп-тексеру барысында, сотталушы Б-ның жәбірленуші А-дан автокөлік ішінде 1 100 000 теңге ақшаны пара ретінде алып жатқан жерінен ұсталған.

 Сот үкімімен, сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, қылмыс жолымен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі