Медиация тараптарды татуластыруға мүмкіндік берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен айыпталған С-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. Арал қаласы, Б.Майлин көшесіндегі тұрғын үйдің есігінде құлып тұрғанын байқап,  бөтен мүлікті жасырын жымқыру ниеті туындаған. Осы ниетін жүзеге асыру мақсатында, ол ауласындағы сарайға терезесі арқылы заңсыз кіріп, сарай ішінде тұрған автокөлік бөлшектерін жасырын ұрлап, жәбірленуші К-ға жалпы сомасы 115 500 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтің көмегімен «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес, сотталушы мен жәбірленушінің арасында татуластыру рәсімдері өткізіліп, нәтижесінде тараптар татуласып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде өтініштер білдірген.

Осының негізінде сотталушы С. Қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен қысқартылды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі